6 маусым, Пушкин күні, А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы әлемге әйгілі ұлы тұлғаның туған күніне арналған мерекелік бағдарлама өткізілді. Таңертеңнен бастап кітапхана алдындағы алаңда Пушкин дәуірінің музыкасы аясында әдеби көрме ұйымдастырылып, танымдық викториналар мен квесттер өткізілді.
Мерекенің лейтмотиві – ақынның Қазақстанға келгеніне 190 жыл толуымен байланысты. 1833 жылы Пушкин «История Пугачевского бунта» мен «Капитанская дочка» повесіне материалдар жинаған. Ол архивтерде көп жұмыс істеп, тарихқа үңілді, шығысқа қарай, сол кезең жаңғырығын сақтаған далаға қарай бет алды. Пушкин Оралда қыркүйек айында тек екі-ақ күн болған. Бірақ осы уақыт ішінде ол таңқаларлық көп дүниеге қол жеткізген. Пушкиннің Қазақстанға жасаған шығармашылық сапарының нәтижелері туралы «Ұлылар үндестігі: Абай мен Пушкин» және «Пушкиниана топтамасы» әдеби экспозиция ұсынылды.
Сағат 11.00-де кітапхана алдындағы алаңда Пушкин ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтіп, «Бәрімізге ортақ Пушкин...» мерекелік бағдарламасы өтті. Поэтикалық микрофоннан ақынның ағылшын, неміс, француз, түрік, қытай тілдеріндегі өлеңдері оқылып, қонақтар ақынның сүйікті лирикалық шығармаларын оқыды. Шығыс Қазақстан Орыс мәдени орталығы ұжымы мереке қонақтары үшін ән шашуларын арнады.
Әскерхан Ақтай, ақын, драматург, ШҚО бойынша «Отандастар қоры» филиалының жетекшісі:
Виртуалды оқырмандарды кітапхана сайтындағы «Абай және Пушкин» көрмесімен танысуға шақырамыз http://pushkinlibrary.kz. Аталған көрме қос данышпан жазушының шығармашылық жақындығы мен рухани туыстығын ашып, А. С. Пушкинді данышпан Абайдың қалай шексіз құрмет тұтқанын аңғаруға болады. Сондай-ақ, назарларыңызға «Слова давно минувших дней» атты Пушкиннің шығармаларында кездесетін ескірген сөздердің (архаизмдер мен тарихи сөздер) мағыналарын білуге арналған онлайн викторинасын ұсынамыз.