Пушкин кітапханасы этнопаркте
1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – бізге көктемгі тамаша көңіл-күй сыйлап, салтанатты мерекені табиғат аясында, атап айтқанда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығының Сол жағалау кешенінде атап өтуге мүмкіндік берді.
Мереке күні А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана қызықты да көңілді іс-шаралар – әдеби көрмелер, викториналар, әдеби шығармалар бойынша конкурстар, және оқуды дәріптеуге бағытталған басқа да шаралар ұйымдастырды.
«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты әдебиеттер көрмесі сөзжұмбақ, лотерея, қоржын сұрақтар тәрізді интерактивті оқу; сондай-ақ кітаптар, журналдар, балалар әдебиетімен танысу; әдебиетті оқудың отбасылық дәстүрлерін ұсынды. «Кітап оқитын адам» достық қуанышын, мереке атмосферасын жақсы сезіне біледі, сол себепті келушілер әдеби көрмеге қуана қатысты.
Мақал-мәтелдерге арналған «Мақал-мәтелді жалғастыр!» көңілді викторинасы қатысушыларға халық даналығы туралы білімдерін жаңғыртуға мүмкіндік берсе, «Жаңылтпаштар сайысы» қатысушылар үшін нағыз сынақ болды. Оларға қазақ және орыс тілдерінде түрлі жаңылтпаштар ұсынылды.
Мерекеге қатысушылар кітапхана ұйымдастырған танымдық шараларға қатысып қана қоймай, кітапхананың қызметі мен ресурстары туралы ақпараттық жарнамаларды алып, кітапханаға жазылу сауалнамаларын толтырып, әлеуметтік желідегі парақшаларына тіркелді.