Әз Наурыз – жылулық пен мейірімділік мерекесі

Әз Наурыз – жылулық пен мейірімділік мерекесі

Әз Наурыз – жылулық пен мейірімділік мерекесі

Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз – жыл басы, бірлік пен татулық, ізгілік пен бақыт,  жаңару мерекесі. Мейрам қарсаңында ата-баба дәстүрімен А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы бастамасымен еліміздің әр өңіріндегі кітапханаларды шуақты көктем мезгілінің сәтті басталуымен құттықтап, ағымдағы жылға арналған жоспарлармен бөлісіп, тәжірибе алмасуға арналған республикалық  интеллектуалды форум өтті.

Республикалық іс-шара бағдарламасы екі бөлімді қамтыды: «Кітапханадағы инновациялар: әдістері, көздері, нәтижелер» кәсіби кездесуіне Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы, Қостанай қ. Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы және басқалары қатысты.

Наурыз мейрамын мерекелеудің екінші бөлімі – «Бастаңғы» зияткерлік онлайн-форумына Ә. Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы, Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан әмбебап ғылыми кітапханалары жастары қатысты. Әр кітапхана командасы музыкалық сәлемдесу, дәстүрлі және заманауи жарапазан орындау, айтыс шеберлігі, Наурыз мейрамына байланысты мақал-мәтелдер мен көркем әдебиет туындылары бойынша білімдерін ортаға салады.

Сондай-ақ, кітапханада айдың соңына дейін Наурыз мейрамына арналған интерактивті әдеби көрме-энциклопедия жұмыс жасайтын болады.