1 наурыз ерекше мәні бар әрі рухани қуанышқа толы мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні кітапхана оқырмандарына арнайы қызықты да пайдалы мерекелік бағдарлама дайындады.
«Алғысым шексіз» интерактивті кітап көрмесінде адам бойындағы ең жоғары қасиеттер - мейірімділік, алғыс туралы, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін баяндайтын кітаптар ұсынылады. Көрменің мақсаты − өскелең ұрпақты төзімділікке, достыққа, бір-біріне құрметпен қарауға, сондай-ақ этносаралық келісім мен этникалық байланыстарды нығайтуға тәрбиелеу.
Кітапхананың әлеуметтік желідегі @pushkinlibrary парақшаларында оқырмандарымыз #АЛҒЫС time «Арамыздағы қаһармандар» айдары аясында өздері қалаған жандарға жүректерінен шыққан жылы лебіздері мен алғыстарын білдіре алады.
1 наурыз күні сағат 15.30-да «Қазаққа күмбірлеген күй сыйлаған» деген атпен Құрманғазы Сағырбайұлының күйлерінен Байжігіт атындағы ұлт аспаптары оркестрінің бас дирижері, «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Шалқар Рысхановтың жетекшілігімен мерекелік лекция-концерті өтеді.
Сондай-ақ бұл күні кітапхана оқырмандары «Әдемі ашық хат жасаймыз» (Фотошоп), «Бейнеқұттықтау жасап үйрен» (Вегас), эко-шопер тігіп, киім пішіп үйрену, сублимациялық басып шығару технологиясын игеру, канзаши техникасымен әдемі бұйымдар жасау сияқты т. б. мерекелік шеберлік-сағаттарына қатыса алады.
Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы кеп тұратының естен шығармайық. Табиғат пен Анаға мейірімді күні үшін, риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпайық!
Баршаңызды көктемді бізбен бірге қарсы алуға шақырамыз!