Алғыс айту күні – бұл қандай мереке? Қай уақыттан бері аталып келеді? Не себепті атаулы мерекені Қазақстан Республикасында тұратын өзге де ұлт өкілдері атап өтеді?
28 ақпан күні бұл туралы облыстық тарихи-өлкетану музейінде 1 наурыз – «Алғыс айту күніне» орай өткізілген «Бірлікпен келісім жолында» атты музей сабағына келіп, Өскемен қаласы Абай атындағы гуманитарлық колледжінің 1 курс студенттері білімдерін толықтырумен қатар, өздерінің дайындап келген баяндамалырымен бөлісті. Бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған салтанатты күн. Бұл күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу және өзара қолдау күні болып табылады. Шығыс Қазақстанда 100-ден аса этнос өкілдері тұрады, олардың әрқайсысы Қазақстанның мәдениетіне өз үлесін қосты.