«Шығыс Қазақстанның қорық жолдарымен»: көрме

«Шығыс Қазақстанның қорық жолдарымен»: көрме

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Шығыс Қазақстанның қорық жолдарымен» көрмесі ашылды.

Шығыс Қазақстан облысын «Миниатюрадағы континент» деп атайды. Оның табиғаты сан алуан – Алтай қарлары мен мұздықтарынан, Зайсан мен Алакөл қазаншұңқырларынан ыстық шөлдеріне дейін, сібір жапырақты қалың ормандарынан, Қазақтың ұсақ шоқыларының дала кеңістігіне дейін. 

Ерекше табиғи кешендерді сақтау үшін облыста оларды қорғаудың әртүрлі тәртіптемелері бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жұмыс істейді. Облыстың қорық қорына Марқакөл және Батыс Алтай қорықтары, Катонқарағай табиғи ұлттық паркі, 5 қорықша кіреді: Оңтүстік Алтай, Құлынжүн, Тарбағатай, Қаратал құмдары және төменгі-Тұрғысын, және Республикалық маңызы бар табиғат ескерткіші Синегорье майқарағай  орманы. Республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры мынадай геологиялық объектілерді қамтиды: Ашутас тауы, Қиын-Керіш тауы, Тархан геологиялық қимасы, Асубұлақ кенті ауданының пегматит кен орындарының сирек кездесетін металл минералдары. Жыл сайын сан алуан түрлер жер бетінен жоғалуда, олардың санын қалпына келтіру мүмкін емес. Сондықтан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар биоәртүрлілікті сақтау ошағы бола отырып, ғаламшар деңгейінде жоғалған биосфералық тепе-теңдікті қалпына келтіруге үміт береді.

Музейге келушілер облысымыздың қорық аумақтары бойынша қызықты саяхат жасай алады, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлері туралы біле алады, олардың көпшілігі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген; біздің облыс аумағында динозаврларға дейін өмір сүрген ежелгі теңіздердің тұрғындары туралы; біздің өлкеміздің сирек кездесетін минералдық байлықтары жайлы қызықты мағлұмат ала алады.

Көрме экспозициясында ландшафттардың фотосуреттері, сирек кездесетін кептірілген өсімдіктердің жиынтықтары, жануарлардың тұлыптары, жәндіктер топтамалары, палеонтологиялық нысандар, музейдің топтамалық қорындағы тау жыныстары орын алады.

«Шығыс Қазақстанның қорық жолдарымен» көрмесімен біз табиғи қазынамызды қорғаудың қаншалықты маңызды екенін және қоршаған ортаны қорғау – біздің ортақ қамқорлығымыз екенін еске салғымыз келеді.