«Ералы ертегілері»: кітаптың тұсаукесері

«Ералы ертегілері»:  кітаптың тұсаукесері

23 ақпан күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының мәжіліс залында айтулы оқиға – «Ералының ертегілері» кітабының тұсаукесері өтті.

Авторы – 9 жасар Ералы Пазылбекұлы, Глубокое ауданы Д.Қонаев атындағы орта мектептің 4 сынып оқушысы. Ол төрт жасында кітап оқып, ал алты жасында көптеген қазақ халық ертегілерін оқып шығады. Кішкентай таланттың қатысып, жеңімпаз атанған алғашқы шығармашылық байқауы - туған мектебінің қабырғасында өткен «Екі жұлдыз» әншілер байқауы болды. Бұдан кейін – «Республикалық балалар оқулары» байқауында ІІІ орынды иеленді.

Облыстық әдеби және шығармашылық байқаулардағы жеңістері: қазақстандағы «Балалар жылы» мен «Балалар әдебиеті» жылының аясында өткен «Оқу көшбасшысы-2021», Пушкин кітапханасының «Super Б'АЛАҚАЙ» жобасы, Ералы алғаш рет өзінің ертегілерін таныстырған «Ертегілер – ғажап әлем» атты облыстық байқауы.

Ертегілер кітабы Алматы қаласындағы «Мерей» баспасында жарық көрді. Кітапта балалардың қиялынан және қоршаған әлемді түсінуден туындаған шынайы, әсерлі шығармалары көрініс тапқан. «Ғажайып саяхат», «Кітаптар мұңы», «Ғажайып қалам», «Судың да сұрауы бар», «Айымның қателігі», «Үшінші бала», «Екі дос», «Жанашырлық», «Көгершіннің балапандары», «Менің әпкем»  және т. б. – бұл оның ойынан шығарылмаған керісінше өзінің балалық шағынан, отбасындағылармен болған күлкілі жағдайлардан түйген жас автордың пайымдауынан туындаған шығармалары.

Әлібек Қантарбаев, Қазақстан Жазушылар Одағының Шығыс Қазақстан филиалының директоры:

– Бұл маңызды оқиға, сондықтан біз жас талантты қолдауға келдік және оған осымен тоқтап қалмай, бұдан әрі де тынбай еңбектенуін тілейміз.

 Нұргүл Құдайбергенова, балалар оқуы және әлеуметтік бағдарламалар орталығының басшысы:

– Кітап жақсы иллюстрацияланған, үлкен әріптермен жазылған, көлемі аз 28 беттен тұрады –  міне кішкентай оқырмандардың назарын аударатын кітаптар осындай болуы керек.

Оның алғашқы кітабының тұсауы кесілген күні - Ералыға қолдау көрсетуге оның сыныптастары, достары, мұғалімі, туыстары келді. «Ертегілерді оқи отырып, біз бір – бірімізді жақсы түсінеміз», - дейді Ералы. Кітаптағы әрбір оқиға, автордың өзі сияқты балалар мен ересектердің жүрегінен ерекше орын алады деп ойлаймыз.