«Tilqural.kz» - қазақ тілін кезең кезеңмен оқуға арналған веб-сервис. «Tilqural.kz» ересектерге қазақ тілін А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлерінде үйренуге мүмкіндік береді. Тіркелгеннен кейін пайдаланушы қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін тестілеуден өтеді. Тестілеу нәтижелері бойынша жүйе оқу курсын ұсынады.
Сайт тіл оқушының сөздік қорын толықтыруға, жаңа сөздердің мағынасын түсінуге және оларды күнделікті өмірде қолдануға, еркін оқуға, өз ойын ауызша да, жазбаша да жеткізуге, сөздерді дұрыс дыбыстауға, сөйлемдерді сауатты құрастыруға мүмкіндік береді. Пайдаланушы жеке кабинетінде орындаған сабақтарының статистикасын көре алады. Сервис Android, iOS платформалары арқылы жүктеуге қолжетімді.