ШҚО Глубокое ауданы

ШҚО Глубокое ауданы

2022 жылғы 20 қыркүйек күні Глубокое ауданына жұмыс сапарымен барып қайттым. Жұмыс барысында Глубокое ауданының мәдениет ошақтарымен және тіл саласындағы жұмыстармен таныстым. Сондай ақ, Глубокое ауданының Березовка ауылындағы мәдениет үйіне ағымдағы  жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын көрдім. Ауданда көркемөнерпаз ұйымдарының жұмысы жақсы жолға қойылған. Хореография, сурет салу, қолөнер, домбыра, хор үйірмелеріне балалар, жастар және зейнеттегі қария адамдар қатысады. Бұл жастардың тәлім-тәрбие алуына, бос уақытын дұрыс пайдалануға өз септігін тигізері сөзсіз.