2022 жылғы 16 қыркүйек күні Ұлан ауданына жұмыс сапарымен барып, мәдениет ошақтарын араладым

2022 жылғы 16 қыркүйек күні Ұлан ауданына жұмыс сапарымен барып, мәдениет ошақтарын араладым

ШҚО Ұлан ауданы
2022 жылғы 16 қыркүйек күні Ұлан ауданына жұмыс сапарымен барып, мәдениет ошақтарын араладым. Жұмыс барысында Ұлан ауданында археолог, ғалым Зейнолла Самашевтың жүргізіп жатқан археологиялық қазба жұмыстарын тамашаладым. Археологиялық зерттеу жұмыстары Ұлан ауданының  Баяш Өтепов атты ауылдың төңірегінде жүргізілуде.
Жалпы аудан бойынша 23 мәдени нысан: 22 клуб мекемелері (1 аудандық мәдениет үйі, 1 ауылдық мәдениет үйі, 19 ауылдық клуб) және жаңадан ашылған Тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді. Аудан бойынша мәдениет саласындағы проблемаларрдың бірі материалды-техникалық базаның нашарлығы және басқа аудандар секілді кадр жетіспеушілігі. Осы проблеманы шешу үшін облыстық мәдениет басқармасы мен аудандық әкімдік «Дипломмен-ауылға» бағдарламасын негізге алып, жұмыс жасауда.