2022 жылғы қыркүйек айының 13 мен 15 күндері аралығында жұмыс сапарымен Самар және Күршім аудандарында болып қайттым

2022 жылғы қыркүйек айының 13 мен 15 күндері аралығында жұмыс сапарымен Самар және Күршім аудандарында болып қайттым

ШҚО Күршім және Самар аудандары
2022 жылғы қыркүйек айының 13 мен 15 күндері аралығында жұмыс сапарымен Самар және Күршім аудандарында болып қайттым. Жұмыс барысында аталған аудандардағы мәдениет және тіл саласындағы жұмыстармен таныстым. Күршім ауданы бойынша 26 ауылдық клуб, 1 ауылдық мәдениет үйі, 1 аудандық мәдениет үйі бар. Жалпы мәдениет қызметкерлері саны - 109. Сонымен қатар, 22 ауылдық кітапхана жұмыс атқаруда. Жалпы алғанда, аудандық кітапхана өздерінің алдына қойған мақсат-міндеттерін,,жоспарларын өз деңгейінде және уақытында жүзеге асырып отыр. Ауыл клубтары мен мәдениет үйлеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын атап өткен жөн. Мысалға, Күршім ауданының Теректібұлақ ауылындағы клубқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан бойынша мәдениет саласындағы проблемалардың бірі – ол кадр жетіспеушілігі: режиссер, хореограф, ұлт аспаптарында ойнайтын аспапшылар. Осы проблеманы шешу үшін облыстық мәдениет басқармасы мен аудандық әкімдік «Дипломмен-ауылға» бағдарламасын негізге алып, жұмыс жасауда.
Самар ауданында 24 мәдениет ошағы халыққа қызмет көрсетуде. Ауыл кітапханалары облыстық Пушкин атындағы кітапхана арқылы жаңа кітаптар алып, жыл сайын кітап қорларын толықтыруда. Жалпы мекемелер саны 24, оның ішінде: 1 мәдениет үйі,13 ауылдық клуб, 10 кітапхана, 1 тарихи-өлкетану музейі бар. Аудан бойынша мәдениет саласындағы проблемалардың бірі - ол кадр жетіспеушілігі. Осы проблеманы шешу үшін облыстық мәдениет басқармасы мен аудандық әкімдік «Дипломмен-ауылға» бағдарламасын негізге алып жұмыс жасауда.