«Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижелерін талқылау           

«Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижелерін талқылау             

2022 жылғы 1 қыркүйегінде ТБН-4 жоспарын іске асыру шеңберінде 2021 жылғы және 2022 жылғы 4 ай кезеңіндегі «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижелері талқыланды.

Талқылауға басқарманың жұмыс тобы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша қолөнершілер одағының төрайымы Мұхамеджанова Райса Шериязданқызы және «Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі» КММ бөлім басшысы Чукаева Айгүл Мұстарханқызы қатысты. Ішкі талдау барысында анықталған НҚА және кадрлық қамтамасыз етудегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жұмысты жалғастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайларды жою бойынша ұсынымдар берілді.