Мейірімділіктің, батылдық пен жанқиярлықтың үлгісі

Мейірімділіктің, батылдық пен жанқиярлықтың үлгісі

А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында 2022 жылдың мамыр айы бойы мерекелік іс-шаралар өтуде.

Іс-шаралар бағдарламасына КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы, опера және эстрада әншісі Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған Ұлан ауданы өнерпаздарының «Халқымның қаһарман қызымын» атты лекция-концерті өтті.

Лектор-орындаушы – Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Халықаралық этноконкурстың бас жүлдегері Касенова Гуля Әутәліпқызы.

Дәріс барысында Гуля Әутәліпқызы қазақтың қаһарман қызының ұлттық әншілік өнердің дамуына, ұлттық эстрада жанрының қалыптасуына қосқан зор үлесіне тоқталды.

Концерт-дәрісте барша халықтың сүйіп тыңдайтын әндері шырқалды. Әнші Гуля Қасенова «Ақ маңдайлым», «Ах-Самара городок», «Биле, биле», «Елімнің ерке қызымын» әндерін шырқады; «Бескөл» фольклорлық ансамблі мен «Катюша» көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшелері баршаға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана мұндай іс-шараларға әрдайым қуанышты, онда қонақтар сүйікті әндерін тыңдай отырып, кейіпкерлердің тағдыры туралы, достық, батылдық пен өз ісіне деген адалдықтың мысалдарын көре алады.