«Біздің жолымыз – бірлік жолы»: ашық этнографиялық диктант

«Біздің жолымыз – бірлік жолы»: ашық этнографиялық диктант

28 сәуірде  А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасында Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған Ашық этнографиялық диктант өтті. Диктанттың мақсаты – жастар мен ересектердің этнографиялық сауаттылық деңгейі мен олардың Шығыс Қазақстанда тұратын этностар туралы білімдерін бағалау. Этнографияны этносаралық қатынастарды үйлестіруде маңызды орын алатын ғылым ретінде зерттеуге тарту.

Диктантқа ШҚО бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері және қызығушылық танытқан адамдар қатысты.

Этнографиялық диктанттың тапсырмалары тест түрінде және үш тақырыптық бөлім бойынша барлығы 25 сұрақтан тұрды: «Жалпы сұрақтар», «Материалдық мәдениет», «Салт-дәстүрлер». Қатысушылар 30 минут ішінде өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтары бар бланкілерді толтырды. Уақыт аяқталғаннан кейін викторина жүргізушісі дұрыс жауаптарды айтты. Диктантқа қатысушылар әр бөлімдегі дұрыс жауаптарды жинақтап, толық балл алады. Ең көп балл жинаған білгірлерге жеңімпаз сертификаттары табыс етілді.

Байланыс тел.: 26-13-33 (119)