Қазақстан- бірлік пен татулықтың мекені : этномәдени кеш

Қазақстан- бірлік пен татулықтың мекені : этномәдени кеш

Абай атындағы кітапханада 29 сәуір күні Татар қоғамдық орталығы және «Буюк кележак» өзбек мәдени орталығымен бірлесіп «Қазақстан- бірлік пен татулықтың мекені» тақырыбында 1 мамыр Қазақстан халықтары достастығы күніне орай  этномәдени кеш ұйымдастырылды. Шараға қаланың №6 орта мектептің жоғары сынып оқушылары мен қатысуға ниет білдіруші барлық санаттағы оқырмандар қатысты.

Мерекелік шашу ретінде «Буюк кележак» орталығының жастары «Хорезм» өзбек биін ортаға салса, Татар қоғамдық орталығының жасөспірім қатысушы мүшесі М.Рахимбаева татар биін көпшілікке тарту етті.

Татар қоғамдық орталығы мүшелері Ғ.Хамитқызы, Н.Хасанқызы бастатқан т.б. қызметкерлері татар ұлтының тарихынан сыр шертетін, татар ұлттық киімдері, бас киімдер, орамалдар, сәндік бұйымдар,аяққа киетін кебіс, фотоальбомдар  қойса, «Буюк кележак» өзбек мәдени орталығы да сан ғасырлардан мұра боп келе жатқан қыштан жасалған ұлттық ыдыстар, кітаптарды көрермен назарына ұсынып, өз халықтарының салт-дәстүрлерімен таныстырды.

Іс-шараны тамашалаушы жастар алған әсерлерін ортаға салып, өзге ұлт өкілдеріне өздерінің сұрақтарын қойып жауап ала отырып, сүйікті туған жерімізге арналған, қазақтың біртуар перзенті Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін караокеде барлық қатысушылар асқан ерекше сезіммен орындады. Іс-шара соңында кітапхана атынан алғыс ретінде, қатысушы орталықтарға алғыс хаттар табысталды.