Бейсен және болмыс: сайыс

Бейсен және болмыс: сайыс

2022 жылдың сәуір айының 28-ші жұлдызында «Парасат жолы» жобасы» аясында «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорымен ШҚО Абай атындағы кітапханасы бірлесіп ұйымдастырып отырған «Бейсен және болмыс» кітабы бойынша сайыстың ақтық кезеңі өтті.

Аталмыш сайыстың бірінші кезеңі кітапты алып оқуға арналды. Оған сәуір айының  5-і мен 27-сі аралығында уақыт берілді. Бұл кезеңде нақты қатысушылар саны белгілі болады. Барлық қатысушыларға сайыс туралы толық ақпарат берілді.

Шараның ақтық кезеңінде «Бейсен және Болмыс» кітабын толық оқып шыққан үміткерлеріміз сол кітаптың мазмұны бойынша құрылған 40 сұрақтан тұрақтын тест тапсырды.

Сайысымыздың финалдық кезеңінде қаламыздың қадірлі азаматтары, Семей қаласындағы «Халықтық ақындар орталығының» ұстазы, қаламыздың құрметті азаматы Омарбаева Дәметкен Серікбайқызы, Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филормонияның әншісі, республикалық, халықаралық ән байқауларының лауреаты Жасұлан Тәжиев және республикалық ақындар айтысының жүлдегері Айбек Жеңісқазин сынды сөз қадірін білетін өнер майталмандары қатысты.

Сайысқа жалпы саны 34 оқырман қатысып, сайыс нәтижесінде Мақсұтханова Ажар І орын, Жапарова Бақыт ІІ орын, Ернатқызы Саяжан ІІІ орын иеленді. Барлық қатысушыларға арнайы сертификаттармен кітаптар табысталды