Ғылым таппай мақтанба...

Ғылым таппай мақтанба...

12 сәуір күні А.С. Пушкин атындағы кітапханада елімізде аталып өтетін ғылым қызметкерлері күніне және Халықаралық авиация және ғарышкерлер күніне арналған «Ғылым таппай мақтанба...» апталығының ашылу салтанаты өтті.
Мерекеге қаламыздағы Оралхан Бөкей атындағы №44 Лицейінің, № 1 Шәкәрім атындағы орта мектептің және № 4 орта мектептің 6, 7, 8 сынып оқушылары келді.
Мереке балаларға арналған қызықты қойылымнан басталды, оның барысында кейіпкерлер балаларды ғылымның әртүрлі салаларымен, ғылым ұғымының анықтамасымен таныстырып, ғылыми тәжірибелер көрсетті.
Қонақтарды ғылыми тәжірибелер, қызықты ойындар мен квесттер күтті. Мысалы, Big Dream қосымшасының көмегімен өткізілген викторина – Күн жүйесінің планеталары бойынша «саяхат» жас зерттеушілерге ерекше әсер қалдырды.
Жаңалыққа жаны құмар білімпаздар үшін, «Ғылымды бағындырған батырлар» атты интерактивті көрме-энциклопедия ұсынылды. Көрмеден ғылым шыңына шыққан әйгілі ғалымдардың өмірі мен еңбектеріне арналған басылымдар, қызықты материалдар орын алды. Дәл осы 12-сәуір күні қазақтан шыққан тұңғыш академик, Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген. Көрмеде ұсынылған М.Сәрсекенің ғалымға арнаған «Қазақтың Қанышы», «Қаныш Сәтбаев», «Дара дарын» және т.б. әдебиеттер оқырманның ерекше қызығушылығын тудырары сөзсіз.
Көрме өте ыңғайлы рәсімделген, ғылымның көрнекті қайраткерлері туралы ақпарат "Мұхтар Әуезов", "Ебіней Бөкетов", "Бела Ахметова", "Зейнолла Қабдолов", "Салық Зиманов", "С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғалымдары" және т. б. атаулы блоктар түрінде ұсынылған. Сондай-ақ, көрмеден «Қазақстанның ғылымы мен өмірі», «Медицина», «Математика. Информатика.Физика», «Биология және салауаттылық негізі», «География және табиғат», «Физика және астрономия», «Экология и промышленность» және т.б. мерзімді басылымдарды да парақтауға болады.
Көрме 8-15 сәуір күндері аралығында жұмыс істейді.
Мерекелік апталықтың ашылуына қатысушылар ғылым мен ғарыштың ғажайып әлемімен, оның бастауында тұрған адамдармен танысып, олардың үлгісімен болашаққа деген армандары мен өмірге деген сүйіспеншілігін оятты.

Байланысшы: Құдайбергенова Н.К.
Тел.: 87055412525