Ертегі күні: квест ойын және онлайн кездесу

Ертегі күні: квест ойын және онлайн кездесу

2022 жылдың 5 сәуір күні сағат 11.00-де А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада балалар нағыз шытырман оқиғалы – «Сүйікті ертегі беттерінен» квест-ойынын ойнады. Кішкентай қонақтар ойынға «Action Bound» виртуалды қосымшасын пайдаланды. Қатысушылар интерактивті және шығармашылық "тапсырмаларды" орындай отырып, ертегілермен және олардың авторларымен танысып қана қоймай, кітапханаға экскурсия жасады.
Бұл күні балалар жазушысы Зияш Телеуовамен онлайн-кездесу өтті. Зияш Телеуова жазушы, журналист, аудармашы, «АБК тобы ашқан қылмыс» және «Құлаған үйдің құпиясы» атты детектив жанрында балаларға арналған кітаптар жазған. Сондай-ақ, жасөспірімдерге арналған шытырман оқиғалы шығармалардан ағылшын жазушысы Эмили Родданың «Дело о пропавшем миллионере», Наталья Кузнецованың «Дело о таинственном шефе» кітаптарын қазақ тіліне тәржімалаған. Кітапхана оқырмандары жазушы туралы тың дүниелерді біліп қана қоймай, онымен тікелей тілдесіп, өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды.