Халықтың жаны –  ою- өрнекте: кітап көрмесі

Халықтың жаны –  ою- өрнекте: кітап көрмесі

7 ақпан күні Абай атындағы кітапханада “Дала фольклорымен музыкасының 1000 жылы”  бағдарламасы бойынша  “Халықтың жаны –

ою- өрнекте” атты кітап көрмесі өтті. Кітап көрмесінің басты мақсаты оқырмандарымызды отанымыздың тарихын, мәдениетін, оның ішінде ерекше көзге түсетін көне мұратымыз ою - өрнектердің тарихымен, түрлерімен және пайдалану аясымен таныстыру болды.

Кітапханашы маман қазіргі заманда ою-өрнектің  қолданылуы мен ерекшеліктері туралы айта келе, ою-өрнектердің қоршаған ортамен байланысы туралы ақпараттар берді.

Кітап көрмесіне қойылған Әбілхан Қастеевтің “Ою өрнектер”, Өмірбекова М. Ш.  “Қазақтың ою – өрнектері”,  Төлеген Б. “Ұлт жауһарлары”,  Кәкенұлы Ж. “Қазақтың қолөнері”, Мұхамеджанұлының З. “Қазақтың кесте өнері” сынды кітаптармен таныстыру арқылы оқырмандарды ою- өрнектердің түрлерімен, тарихымен, атауларымен таныстыра отырып оқырмандарға сауалнама жүргізіп, қаншалықты ою - өрнектерді білетінін, олармен қаншалықты таныс екеніне көз жеткізді.