«Назарбаевша сөйлеймін» жас ораторлар турнирі

«Назарбаевша сөйлеймін» жас ораторлар турнирі

30 қараша күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Назарбаевша сөйлеймін» атты жас ораторлардың қалалық турнирін өткізді. . Шараға қаламыздағы оқу орындарынан жоғары сынып оқушылары мен студенттер қатысты.
Байқаудың мақсаты: Елбасы еңбектерін насихаттау, шешендік өнерінен үлгі алу; жас ұрпақты шешендік өнерге баулу; оқушылар мен жастардың көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Еліміздің Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев шешен сөздің қас шебері ретінде танымал. Ұлттық рухани қазынамызды, салт-дәстүрімізді ұрпаққа сақтап, жеткізу жолында көптеген бағдарламалар жасап, жүзеге асырды. Өмірдің жаңалығынан қалып қоймай, заманауи технологияны үйренуге, қатар кітап оқуды үзбеуге үндеді.
Сайысқа қатысушылар бірінші тур бойынша сахнада «Тәуелсіз елдің ұланымыз» тақырыбында сөз сөйлеп, шешендік өнерлерін ортаға салды, ал екінші тапсырма «Тосын сұраққа тапқыр жауап» айдарында сұрақтарға тосылмай сөз тауып, шеберлік танытты.
Үміткерлер өнерін бағалау кезінде: мәтіннің тақырыпқа сәйкестігі; сөз сауаттылығы, аудиторияның назарын аудара алу қабілеті; сахна мәдениеті, дауыс мәнері, регламентке сәйкестігі бағаланды.
Сайыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
1-ші орын – Тоқтарбекова Мөлдір (№18 мектеп),
2-ші орын – Төлегенова Ерке (№49 мектеп),
3-орын Абаева Нұрдана (№1 мектеп), сондай-ақ,
«Шешен тілдің шебері» номинациясын Мұрат Мансұр иеленді.
Ұрпағымыз үшін аса қажетті бұл байқау ары қарай дәстүрлі түрде жалғасын табады деген ойдамыз.

Байланысшы: Жансая Ашкенова
Байланыс тел.: 26-13-33 (119)