2021 жылдың 30 қарашасы күні, сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Назарбаевша сөйлеймін» атты жас ораторлардың қалалық турнирін өткізеді.
Байқаудың мақсаты: Елбасы еңбектерін насихаттау, шешендік өнерінен үлгі алу; жас ұрпақты шешендік өнерге баулу; оқушылар мен жастардың көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев шешен сөздің қас шебері ретінде танымал. Ұлттық рухани қазынамызды, салт-дәстүрімізді ұрпаққа сақтап, жеткізу жолында көптеген бағдарламалар жасап, жүзеге асырды. Өмірдің жаңалығынан қалып қоймай, заманауи технологияны үйренуге, қатар кітап оқуды үзбеуге үндеді. 30 жыл басшылық тізгінін ұстаған жылдар ішінде Қазақстан Президенті халық алдында өте көп сөз сөйлейді және шешен сөздерімен әлемді бағындыра білді.
«Назарбаевша сөйлеймін» байқауына қатысушылар сахнада «Тәуелсіз елдің ұланымыз» тақырыбында сөз сөйлеп, шешендік өнерлерін ортаға салады, ал шараның екінші тапсырмасы «Тосын сұраққа тапқыр жауап» айдары, яғни топпен өнер көрсету.
Үміткерлер өнерін бағалау кезінде: мәтіннің тақырыпқа сәйкестігі; сөз сауаттылығы, аудиторияның назарын аудара алу қабілеті; сахна мәдениеті, дауыс мәнері, регламентке сәйкестігі бағаланады.
Шешендік өнер – баланы көшбасшылыққа тәрбиелейді. Ал ол үшін ең алдымен жақсы сөйлуді үйрену керек. Көптеген саясаткерлер, белгілі тұлғалар сенімді сөйлеп, жұртты сендіру қабілетімен ғана танымал болды. Қазіргі әлемде адамның не істейтін ғана емес, өзін қалай көрсететіні маңызды. Көшбасшы шешен сөйлейтін, басқалар үнемі көмекке жүгінетін, үлгі алатын адам.
Тұңғыш Президент күніне орай өткізілмекші іс-шараның жас ұрпақ үшін тәрбиелік маңызы зор. Ұрпағымыз үшін аса қажетті бұл байқау ары қарай дәстүрлі түрде жалғасын табады деген ойдамыз.
Байланыс тел.: 26-13-33 (123)