Ресей-Қазақстан.
2021 жылы 28-29 қазан күндері Шығыс Қазақстан, Ленинград облыстарының ірі және шағын қалаларының балалар, ауылдық кітапханаларына балалар мен ересектер жиналып, өз оқуларымен диалог, пікір алмасу, кездесулер мен шығармашылықтың шексіз кеңістігін ашты. Іс-шара ZOOM платформасында, өтіп, ЛОДБютуб арнасында көрсетілді.
Ресей мен Қазақстанның балалар мен жасөспірімдер кітаптарының жанды ағымы жазушылар мен оқырмандар диалогында ұсынылды. Ақын, прозаик С. Махотин шығармашылық шеберхана өткізді. Ресейлік және қазақстандық жас қаламгерлер жаңа кітап беттерін ашып, оқырмандарды тыңдады.
Форумға Қазақстан мен Ресейдің жас жазушылары Елена Мамонтова, Ирина Гумыркина, Евгения Чарушина-Капустина, Ася Петрова, Анна Анисимова (Ресей), Светлана Познякова, Ю.Серебрянский, Б. Ахметбековалар (Қазақстан) қатысты.
Форумға облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған № 25 мектеп-лицейі, қаламыздағы № 24, 39, 45, 47, Степное ауылдық жалпы білім беретін мектеп оқушылары, Шемонаиха ОКЖ, Ұлан ОКЖ, Верх-Уба ауылдық кітапханасының жас оқырмандары және т.б. қатысты.
VII Халықаралық форум «Болашақ оқылым» атты үлкен әдеби жиынмен аяқталды. Ресей мен Қазақстан жасөспірімдері өздерінің оқу тәжірибелерін ортаға салып, «ҮЗДІК КІТАПТАР - 2021 – БІРЛЕСІП ОҚУ КЕҢІСТІГІ» виртуалды көрмесіне арналған кітаптарды таңдады.
Кездесудің серіктестері: ВОЛЧОК, ДЕТСКОЕ ВРЕМЯ баспалары Финляндиядағы балалар оқуы, кітаптар мен орыс тілі туралы «Невидимый слон» клубы (Хельсинки).
Ресей мен Қазақстанда Ленинград облыстық балалар кітапханасы, А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы құрған «Бірлесіп оқу кеңістігі» шағын ауыл мен қалалардағы мыңдаған балалар мен ересектерді біріктірді. Шығыс Қазақстанның балалары мен жасөспірімдеріне, шекара маңындағы аумақтарға Ленинград облысы Үкіметінің қолдауымен 2015-2020 жылдары берілген 1,5 мың үздік балалар мен жасөспірімдер кітаптарын оқуға арналған бірегей топтама жиналды.
Байланыс тел.: 26-13-33(119)