«Поэзия, тұңғиық теңіз бе едің?...» Ақын Серік Ғабдуллинді еске алуға арналған  облыстық ақындар мүшәйрасы

«Поэзия, тұңғиық теңіз бе едің?...»  Ақын Серік Ғабдуллинді еске алуға арналған  облыстық ақындар мүшәйрасы

«Поэзия, тұңғиық теңіз бе едің?...»

Ақын Серік Ғабдуллинді еске алуға арналған  облыстық ақындар мүшәйрасы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы «Поэзия, тұңғиық теңіз бе едің?...» атты облыстық ақындар мүшәйрасын жариялайды.

Мүшәйра ұйымдастырушылар -  А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы,

Қазақстан Жазушылар Одағының ШҚО филиалы, «Отандастар» қоры КеАҚ ШҚО кеңсесі .

Мүшәйраның мақсаты - Ел Тәуелсіздігін ұлықтау; Қазақтың әйгілі ақын С.Ғабдуллиннің шығармашылығын насихаттау, жастарға үлгі ету;

 Талантты жастарға қолдау көрсету; Шығыс Қазақстан облысының әдеби мұрасын сақтауға үлес қосу.

 Байқау тапсырмалары:

 Серік Ғабдуллинге арналған 1 өлең (жаңа), еркін тақырыпқа 1 өлең (бұрын жазылған болса да) жалпы 2 өлең ұсынылады.

Мүшәйраға қатысуға ақындардың жасына шектеу қойылмайды;

 Өлеңдер «Times New Roman 14» қарпімен 1,5 интервалда терілген, 2 беттен аспауы шарт;

 Белгіленген талаптарға сай келмейтін шығармалар қабылданбайды. Үміткерлер мәтінді жатқа оқулары қажет.

 Бағалау көрсеткіштері:

 - Тақырыптың ашылуы;

 - Ақын мұрасының терең зерттелуі;

 - Тілінің шұрайлылығы;

  - Идеясы, мазмұны.

Өлеңдер 2021 жылдың 1 желтоқсанына дейін pushkinlibrary@yandex.kz поштасында МҮШӘЙРАҒА деген тақырыппен қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кешіккен жұмыстар қабылданбайды. Өлеңдерді қазылар алқасы бағалайды.

Мүшәйра жеңімпаздары арнайы дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Мүшәйра қорытындыланып, жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Марапаттау шарасы ұйымдастырушылардың қатысуымен салтанатты түрде өтеді. Үздік жұмыстар кітапхана сайтына, әлеуметтік желідегі кітапхана парақшаларына қойылады.

Серік Ғабдуллин атындағы бас жүлде біреу -  100 000 теңге.

I - орын – (1)   марапат, ақшалай сыйлық.

II - орын – (2) марапат,ақшалай сыйлық.

III - орын – (3) марапат, ақшалай сыйлық.

Арнайы сыйлық – (2)  марапат, ақшалай сыйлық.

Сайысқа қатысты сұрақтарға жауапты келесі байланыс телефондары арқылы алуға болады: Аскерхан Ақтай: 8 708 900 5384