Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы елімізге танымал айтыс ақыны және жазба поэзияда өз орны бар белгілі ақын АҚТАН НҰРБАЕВТЫҢ 95 жылдығына орай «АЛТАЙДЫҢ АҚТАҢГЕРІ АҚТАН АҚЫН» атты қалалық Ақтан Нұрбаев оқуларын жариялайды. Байқауға Өскемен қаласы бойынша қазақ орта мектептерінің 6-8 сынып оқушылары қатыса алады.
Өтетін мерзімі: 2021 жыл 10 қазан – 10 қараша аралығы.
Байқаудың мақсаты Ұлттық әдебиетке деген оқырман қызығушылығын қолдау және дамыту; А.Нұрбаевтың мәдени мұрасын келешек ұрпақтың санасында жаңғырту және тәуелсіз елдің дарындарын қалыптастыру, жас таланттарды анықтау. Ақынның шығармашылығын кеңінен насихаттау;
Өскелең ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухына баулу арқылы жастардың шығармашылығын шыңдау;
Ақтан Нұрбаев оқулары екі кезең бойынша өтеді.
I кезең - Мектепішілік іріктеуде анықталады. Мұнда А.Нұрбаевтың кез келген 1-2 өлеңін жатқа мәнерлеп оқиды. Бұл кезеңнен өткен байқауға қатысушылар қалалық байқауға жіберіледі.
II кезеңде байқауға әр мектептен 1 оқушы қатыса алады.
Қатысушылар А.Нұрбаевтың өлеңін 1-2 өлеңін жатқа оқып өзара сайысқа түседі. Сайыс Пушкин атындағы облыстық кітапханада өтеді. Байқауды қазылар алқасы бағалайды.
Қазылар алқасы келесі критерийлер бойынша бағалайды:
Байқау жеңімпаздарын қазылар алқасы анықтап, марапаттайды.
1-орын марапат, 50 000 теңге
2-орын марапат, ақшалай сыйлық
3-орын марапат, ақшалай сыйлық
Барлық қатысушыларға (7 оқушыға) марапат және ақшалай сыйлық. Жетекші мұғалімдеріне марапат ұсынылады.
Байқаудың 2 кезеңі марапаттау шарасы демеушілердің қатысуымен салтанатты түрде өтеді.
Байқауға қатысушы туралы мәліметті pushkinlibrary@yandex.kz поштасына 10 қарашаға дейін жолдауы керек.
Байқау бойынша сұрақтар: Аскерхан Ақтай 8 708 900 53 84