Тәуелсіздікті аңсаған ұлт зиялылары: бейнеэкскурсия

Тәуелсіздікті аңсаған ұлт зиялылары: бейнеэкскурсия

2021 жылы 20-шы қазаны күні ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасының ZOOM платформасында әр сәрсенбі күні «Алаш» жобасы аясында өткізілетін тікелей эфирде Алматы облысы, Талғар ауданы, Жаңалық ауылындағы Саяси қуғын-қуғын сүргін құрбандары музейінің қызметкері Айнұр Нұржақыпқызы Қыдыровамен «Тәуелсіздікті аңсаған ұлт зиялылары» тақырыбында бейнеэкскурсия өтті.
Шара барысында аталмыш мұражайдың 2018 жылы ашылып, Сталиндік қуғын-сүргін жылдарында жазықсыз жапа шеккен ұлт зияларына арналғандығынан хабардар болдық. Мұражай үш экспозициялық залдан тұрады.
Бірінші зал «Қазақстандағы 1916-1986 жылдар аралығындағы қуғын-сүргін тарихы»,-деп аталып, қуғын-сүргін құрбандарына қатысты еңбектер жинақталған. Олардың қатарында, қазақ зиялылары - М.Тынышпаев, І.Жансүгіров, Ж.Күдерин және т.б. туралы фото құжаттық материалдардың бар екендігін айтты мұражай қызметкері.
«Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» деп аталатын екінші залында саяси қудалауға ұшыраған жазықсыз жазаланған 4125 адамның аты-жөні мәрмәр тасқа қашалып жазылған тақта орнатылғандығы, оның ішінде 172 қазақ зиялыларының өмірбаяндық деректер бар екендігін тілге тиек етті. Мұражайдың келесі залы «Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы мен оның қызметіне қатысты экспонаттар қойылып, мұрағаттардан алынған фотосуреттермен, құжаттармен толыққан екен.
Айнұр Нұржақыпқызы қуғын-сүргін құрбандарына арналып, «Азалы» атты 9 томдық кітаптың жарыққа шыққандығын және онда әр жылдардағы қазақ зиялылары туралы ақпараттар енгізілгендігін мәлімдеді.
Алдағы уақытта аталмыш шара біздің «Алаш» электрондық кітапханасына енгізіліп, пайдаланушыларымыздың тың ақпаратпен қамтамасыз етілетіндігін қуанышпен хабарлаймыз.