Облыстық Невзоровтар отбасы атындағы музейінде Нұрбұлан Өтепбаевтың 70- жылдығына арналған мерейтойлық көрмесі ашылды

Облыстық Невзоровтар отбасы атындағы музейінде Нұрбұлан Өтепбаевтың 70- жылдығына арналған мерейтойлық көрмесі ашылды

Нұрбұлан Өтепбаев көрерменді өзінің шығармашылығымен көптеген жылдар бойы қуантып келеді. Оның басты кейіпкері туған жері  – Ұлы дала әлемі болып табылады. Сондықтан көрме «Атамекен» деп аталуы кездейсоқ емес. Атамекен – ата-бабаларымыздың мекені, туып өскен жері.

Әр адам үшін Отан сөзі белгілі бір сипатқа ие. Нұрбұлан Нұғыманұлы үшін Отан –дала, адамдар, кездесулер, серуендер, сезімдер, қарым-қатынастар, бұл тарих пен дәстүрлер, жады.  Әр сурет парағында, шебердің әр композициясында біз осы тақырыптың ашылуын сезіне аламыз.

«Атамекен» көрмесінде қағазда, картонда, оргалитте тушь, қаламұш, акрил, акварель техникасында орындалған 54 жұмыс ұсынылып отыр.

Ұсынылған жұмыстардың ең алғашқысы 2000 - жылдардың басында жазылған.

Нұрбұлан Өтепбаев үшін маңызды тақырыптардың бірі – Абай тақырыбы. Суретші ойшыл ғұлама өмір сүрген аймақты, өңірді, тарихты зерттеуге көп көңіл бөледі. Көрмеде автор Абай портретінен басқа ақынның әкесі мен бауырының портреттерін, сондай-ақ ойшылдың шәкірттерінің портреттерін де ұсынды.

Н.Н. Өтепбаев – реалистік пейзаждар мен мәнерлі сюжеттік композициялардың авторы. Оның жұмысында ауыл өміріне, тұрмыс тіршілігіне, дәстүрлеріне арналған тақырып маңызды орын алады. «Жүреқадыр», «Дәстүрді сақтаушы» жұмыстары жылулықпен, орындау шеберлігімен әсерлі.

Ою-өрнекті қолданатын сәндік композициялар қызықты. Геометриялық фигуралар біртіндеп стильдендірілген тау ешкісінің бейнесіне айналады, онда арқардың мүйіздері кенеттен асықтардың бейнесіне ауысады, ал бұралған сызықтар кенеттен бізге белгілі бір әуендер мен күйлерді еске түсіре бастайды.

Суретші көрерменге акрил техникасында жасалған пейзаждық композицияларды да паш етіп отыр.

«Атамекен» көрмесі көрерменге шебердің даралығын, оның өз халқының мәдени мұрасына ілтипатты әрі әсерлі көзқарасын көрсетеді және, ең бастысы, ол мұны кәсіби талғаммен және махаббатпен жасайды