11 қазан, сағ. 10.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ербол Бейілханмен «Күзден көктем іздеп жүрем...» тақырыбында тікелей эфирде сұхбат өтеді.
Ербол Бимұратұлы Бейілхан МХР-дың Бай-Өлке аймағының Үш Ойғыр елді мекенінде туған. 1993-1998 жылдары Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университетінің филология факультетін, 2002-2004 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Қазақ әдебиеті саласы бойынша магистрлік акедемиялық дәрежесі оқуын бітірген.
«Жас толқын», «Бай бесік тұмалары», «Астана-жыршуағым», «Тәуелсіздіктің нұрлы таңы», «Баян-Өлгейден балғын жыр», «Азаттық таңындағы азат жыр», «Тілтолғау» жыр жинақтары мен республикалық көптеген газет-журналдар мен сайттарда өлеңдері жарық көріп келеді. «Әжімсіз жүрек…», «Маралоты», «Мәжнүнтал» жыр жинақтарының «Біз екеуміз» атты өлеңдер аудио дискінің авторы.
Ербол Бейілханның шығармалары: Түрік, Әзербайжан, Испан, Француз, Орыс, Қырғыз, Өзбек, Монгол тілдеріне аударылған. Қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен туған елінің абыройын асқақтатып жүргені үшін Моңғолия Республикасының «Алтын Елтаңба» төсбелгісімен, Баян-Өлгей аймағы, Қызылқайың өлкесінің «Мәртебелі Азаматы» төсбелгісімен, Қазақ руханиятына сіңірген еңбегі үшін Б. Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» төсбелгісімен марапатталған.
Бейілхан Ербол Бимұратұлы - Ербол Бимұратұлы да Алтайдың арғы бетіндегі қаймағы бұзылмаған қазақы болмыс-бітімнің құнарын бойына сіңірген ақын. Қазақ ақынжанды халық, өлең қазақтың жаны.
Ендеше, өлеңсүйер оқырман! Белгілі ақын Ербол Бейілханмен болатын онлайн сұхбатқа қатысып, авторға өз сауалдарыңызды қойыңыздар! Біз сіздерді күтеміз!
Кемешева Меруерт
87052819343