«От жүректі ғажайып ақын»: онлайн-кездесу

«От жүректі ғажайып ақын»: онлайн-кездесу

8 қазан 2021 жылы сағ.11.00-де ZOOM платформасында қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны, қалам мен қаруды қатар ұстаған тұлға Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына орай Қарағанды облысы Қарқаралы тарихи-өлкетану музейімен онлайн кездесу өтеді.
Қасым Аманжолов тек лирик емес, сонымен қатар ірі эпик ақын. Қасымның мейлінше жағымды, лепті, күйлі, сыршыл поэзиясы – әр ұрпақтың да көңіл серігі бола алатын, ұзақ жасайтын поэзия.
Ақын өмірден ерте кеткенмен, ол болашақ ұрпаққа мол мұра қалдырды. Бейбіт өмірді, сұрапыл соғысты, туған жер, Отан мен ата-ананы, достық пен махаббатты, табиғатты шынайы сезіммен, зор тебіреніспен жырлады. Оның шығармалары орыс және басқа да халықтардың тілдеріне аударылған.
Қарқаралы мұражай үйінде ашылған ақын бөлмесі оның өзінің қолданған тұрмыстық жәдігерлерімен және өмірдерек-жазбаларымен, әдеби кітаптарымен таныстырады.

Кемешева Меруерт
87052819343