«Кел! Қызықта! Белсенді бол! Өзіңді дамыт!» ПИАР акциясы

«Кел! Қызықта! Белсенді бол! Өзіңді дамыт!» ПИАР акциясы

Биылғы оқу жылында оқу орындары оффлайн оқуға қайта оралды. Ұзақ үзілістен кейін балалар әдеттегі форматқа бейімделуде. Пушкин кітапханасы оқушылар мен студенттерге, сондай-ақ мұғалімдер мен ата-аналарға оқу және танымдық процесте қолдау көрсетуге әрдайым дайын. 28 қыркүйек – 1 қазан аралығында кітапхана «Кел! Қызықта! Белсенді бол! Өзіңді дамыт!» ПИАР акциясына шақырып, оқуға көмектесеу бағдарламасын ұсынуда.
Кітапхана қонақтарын компьютерлік сынып, мейкерспейс шығармашылық алаңы тәрізді жастарға арналған жаңартылған стильді залдарда қарсы алды. Мұнда робототехника, 3D-бағдарламалау, фотошоп, фотоклуб, комикс клуб үйірмелері жұмыс істейді. Сондай-ақ, SMM, ақпараттық қауіпсіздік және медиасауаттылық бойынша тренингтер де өткізілді.
Білім орталығы балалар мен жасөспірімдерге, мұғалімдер мен ата-аналарға арналған әдебиеттерді, мектепке дайындық бойынша қызықты сабақтар мен әдеби клубтарды ұсынуда. Бұл тек оқыған кітаптарын талқылау және жаңа келіп түскен қызықты басылымдармен танысу ғана емес, сонымен қатар өзі тәрізді кітапсүйерлермен танысу, пікірлестер табу.
Қазіргі уақытта жастар ақпаратты қабылдап қана қоймай, өздері де ауызша, жазбаша көптеп таратады: әлеуметтік желілерде өз жазбаларын жариялау, интернетте хат алмасу, түйіндеме жазу, сұхбат алу т.б. Мұның барлығы олардан өз ойлары мен идеяларын сенімді түрде жеткізе білуді талап етеді. Кітапхананың Оратор клубындағы тәжірибелі спикердің кеңестері, ұсынатын әдебеттері (тек риторика мен шешендікке ғана байланысты емес, сонымен қатар көркем әдебиет) аудитория алдында сөйлеу қорқынышын жеңуге және осы бағыттағы өз біліміңіз бен дағдыларыңызды жақсартуға көмектеседі.
Полиглоттарды ағылшын, неміс тілі клубтары, тіл тасымалдағыштармен өтетін пікірсайыс клубтары, кішкентай тіл үйренушілерді «Ағылшын тілі анаммен» клубы күтеді.
Шығыс Қазақстанның тарихы мен әдебиетіне арналған көлемді қоры бар кітапхана өлкетану, абайтану сияқты пәндерді оқуда, сондай-ақ зерттеу жобаларын, ғылыми жұмыстарды дайындауда үлкен көмек көрсете алады.
Акция аясында қаламыздағы С. Аманжолов атындағы ШҚУ, ШҚ политехниклық колледжі, С. Аманжолов атындағы ШҚУ колледжі, ШҚ техника гуманитарлық колледжі, Абай Құнанбаев атындағы ШҚ гуманитарлық колледжі, ҚАЕУ жоғарғы колледжінің студенттері, қала мектептерінің оқушылары, дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің оқушылары қонақта болды.
Естеріңізге сала кетейік, біз қажетті материалдарды WhatsApp 87052821127 және электрондық пошта арқылы жібере аламыз spravka@pushkinlibrary.kz. "Ашық" сабақтар, сынып сағаттары, кітапхана сабақтары, кітапханадағы ата – аналар жиналыстары – Пушкин кітапханасы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге көмектесуге әрқашан дайын.
А. С. Пушкин атындағы кітапхана – білім мен заманауи технологияның тоғысқан орны, тұрақты дамудың қайнар көзі.
Кітапханаға хош келдіңіз!

Байланысшы: Жансая Ашкенова
Байланыс тел.: 87076405870