Пост «Дала дидары»

Пост «Дала дидары»

2021 жылдың 22 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан өнер музейінде «Дала дидары» облыстық байқау фестивалінің қатысушылары - Бесқарағай, Шемонайха және Бородулиха аудандары өздерінің концерттік бағдарламалары мен бейнелеу өнерінің көрмелерін ұсынды.
«Дала дидары» облыстық көрме-байқауы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру мақсатында іске асырылуда.
Фестиваль дарынды суретшілер, мүсіншілер, музыканттар, халық қолөнер шеберлері мен өнер ұжымдары арқылы облыс әкімі Д. Ахметовтың бастамасымен жүзеге асырылған «Арт Заман» жобасын іске асырудың жаңа мүмкіндіктерін ашуда.
Шараға Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрболат Ахметжанов қатысып, фестивальдің ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ, шара барысында ел Президентінің биылғы жылғы Жолдауы талқыланып, мәдениет саласының басым бағыттары сөз болды.
Екі залда орналасқан 144-ке тарта графика, кескіндеме, мүсін, сәндік-қолданбалы шығармашылық туындылары көрерменнің ыстық ықыласына ие болды. Аудандардың өнерімен таныстыратын әуезді әндер, ансамбльмен орындалған күйлер фестивальдің көркін аша түсті. Іс шараға БАҚ, әділ қазылар алқасы қатысты.