Қазақстан халқы тілдері – халық байлығы: кең көлемді кітап көрмесі

Қазақстан халқы тілдері – халық байлығы: кең көлемді кітап көрмесі

Қазақстан халықтарының тілдері күні елімізді мекендейтін барша халық тілдерінің мерекесі. Тілдер мерекесінің құрметіне Абай атындағы кітапханада  21 қыркүйек күні «Қазақстан халқы тілдері халық байлығы» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты:  тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, Қазақстанда тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу, кітапты оқуға тарту, оқу мәдениетін арттыру, қазақстандық патриотизмді нығайту.

 Кітапхана мамандары көрмеге қойылған тілдер туралы заңнамалар,  мемлекеттік тілді үйренуге арналған қазақ тілі оқулықтары, газет, журналдарда жарияланған мақалалар жөнінде толық мағлұматтар беріп, тілдің маңыздылығына тоқталып, тіл туралы мақал-мәтелдер, атақты ғұламалардың айтқандарымен ой бөлісіп, әсерлі де көрнекті етіп әңгімелеп берді.

Кітап көрмесіне  ұсынылған әдебиеттер қатарында З. Абдиннің «Араб тілі», Д. Махаттың «Тіл мен діл тағдыры: тарихи деректер, уақыт бедері және ақиқат» атты кітаптары, Мәдениет журналында, мақалалары М. Сахиұлы «Үш тіл білу – көптік қылмайды», И. Жеменей «Тәуелсіздік тілден басталады».