«Алаш рухын арқау еткен жазушы»

«Алаш рухын арқау еткен жазушы»

17 қыркүйек күні сағат 11.00-де А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы, әдебиет, тарих зерттеушісі, сыншы, Қазақстан Жазушылар одағы және Еуразия Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық Шыңғысхан академиясының, ҚР Тарих және Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Жәди Шәкенұлымен кездесу өтеді.
Жәди Шәкенұлы 1967 жылы 5 мамырда Қытай аумағына қарасты Алтай аймағында – Ертіс өзені жағасындағы Шірікши ауылында дүниеге келген.
1985 жылы Алтай аймақтық педагогика мектебін, 1991 жылы ШҰАР ағарту инситутын, 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік унверситетінің аспирантура (филология) бөлімін тәмамдаған.
Еңбек жолын Алтай қаласына қарасты Шірікши ауылында мұғалімдіктен бастап, қалалық радио-телевидение мекемесінде диктор, қала әкімі кеңсесі меңгерушісінің орынбасары, ШҰАР қазақ радиосында тілші, т.б. қызметтер атқарған.
1997 жылы атажұртқа оралып, «Шалқар-2» газетінде бас редактордың орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газеті проза бөлімінің меңгерушісі, «Үн» журналының бас редакторы, Ер Жәнібек халықаралық қоғамдық қорының президенті, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығының бас редакторы, «Жас қазақ үні» газетінде бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарады. Қазір Қоянды орта мектебінің директоры.
Жәди Шәкенұлының «Ақбота», «Балқаймақ», «Қытайдағы қазақтар», «Бір уыс сәуле», «Қаралы көш», «Жалғыздың үні», «Ақбалапан», «Жәнібек батыр», «Оспан батыр және Шығыс Түркістан мәселелері» атты кітаптары жарық көрген. «Ақбота» кітабы Қытайда, «Ақбалапан» кітабы Түркияда басылып, өзге ел оқырмандарының оң бағасын алды.
«Талбесік» (ҚХР ақындары), «Жиһаншах» (Ақыт Үлімжіұлы), «Оспан батыр», «Жас толқын», «Толғауы тоқсан қызыл тіл», «Армысың Атамекен», «Күнгей бет» (ҚХР ақындары), «Ер Жәнібек» (1-том), «Оспан», «Жүзім бағы» кітаптарын құрастырып шығарды. Шығармалары түрік, қытай, иран тілдеріне аударылған.
Жәди Шәкенұлының балаларға арналған мысал әңгімелері еліміздің бастауыш сыныптарының «Ана тілі» оқулығына, зерттеулері әдебиет теориясы жинақтарына енген.
Шығармашылық кездесу жазушылар, журналистер мен кітапхана оқырмандары арасында өтеді. Кездесу Facebook пен кітапхананың @pushkinlibrary ютуб каналында да көрсетіледі.
Байланыс тел.: 26-13-33 (123)