Бүгін ШҚО Мәдениет басқармасында басқарма басшысы міндетін атқарушы Нұрболат Ахметжановтың төрағалығымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі аясындағы арнайы отырысы өтті.
Отырыста ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет жөніндегі департамент жанындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы негізінде шығарылған шешім таныстырылымы өткізілді.
Басқарма басшысы міндетін атқарушы Н. Ахметжанов еліміздегі мемлекеттік қызмет аясындағы заңдар талаптарының орындалуы, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтауы, мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты тиісті деңгейде жүзеге асыру жөнінде хабарлап, жұмысты жандандыруға байланысты тиісті тапсырмалар берді.
Жалпы ШҚО Мәдениет басқармасындағы мемлекеттік қызметшілер өзінің міндетін заң талаптарына сай атқарып келеді. Алайда олқылық жібергендер де бар. Оларға алдағы уақытта басқаларға үлгі боларлықтай іс-әрекет жасап, өздерінің тәртібін түзеу қажеттілігі айтылды.
Сондай-ақ, отырыс барысында ел Президенті Қ.Тоқаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауы талқыланып, Мәдениет басқармасының және мәдениет саласы ұйымдарының Жолдауды жүзеге асырудағы мәселелері талқыланды.