Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегі күні сағат 15-00де А.С.Пушкин атындағы ШҚО кітапханасында Қазақстан Республикасының Отбасы күніне арналған «Отбасылық табысты орталығы» қоғамдық қорының (Нұр-Сұлтан қ.) директоры Бекішова Роза Мухамедьярқызымен онлайн-кездесу ұйымдастырылады.
Отбасы күні жыл сайын қыркүйектің екінші демалысында атап өтіледі. Алғаш рет, 2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бекітілген.
Отбасы - қазақ халқының мәдени және рухани салт-дәстүрлерінің ошағы болып саналады. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.
Қазақстандағы Отбасы күнінің басты мақсаты - еліміздегі рухани және отбасылық құндылықтарының ары қарай берік қалыптастыруы және нығайтуы.
Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.
Заманға сай отбасында бала тәрбиелеу аса үлкен жауапкершілік пен білімді талап етеді. Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Өмірге келген нәрестеге ана махаббаты мен кіршіксіз таза көңілі ауадай қажет.Отбасы –сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Мағжан Жұмабаев былай деген екен: «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек,олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн”. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие беру. Тәрбие тал бесіктен басталады.
Отбасы күні қарсаңында өтетін онлайн - кездесу қонағы Роза Мұхамедьярқызы Бекішева аталмыш қордың алға қойған мақсаты мен жоспары, еліміздегі отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы статистикалық ахуалмен таныстырады. Егер Сіздің осы сала бойынша толғандырып жүрген сұрақтарыңыз болса, онда кездесу қонағы оларға жауап беруге дайын!
Өнегелі ұрпақ тәрбиелеу әр ата-ананың арманы және борышы екені даусыз. Әрқашан отбасымыз аман, босағамыз берік болғай.
Байланысшы: Қалиева Бақытгүл Төбиқызы
тел.: 26-13-33 (123)