Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатыр.
А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханасында Қазақстан халқының ынтымағы, этностар достығы, мәдениеті мен әдебиетін дәріптеу мақсатында кітапхана оқырмандарына арналған «Қазақ жері – бірлік пен татулықтың мекені» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме интеркультурализм принциптерін қолдауға бағытталған. Мәдени айырмашылықтарды мойындай отырып, интеркультурализм әртүрлі мәдениеттерді біріктіретін мүдделерді іздеуді және әртүрлі этностар өкілдері арасында оң өзара іс-қимыл орнатуды қамтиды. Кітап көрмесін Қазақстандағы этносаралық қатынастар, қазақ диаспорасы жайында кітаптар мен мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар топтамалары ашады.
«Қазақстан-қарашаңырағым», «Бейбіт өмір мен жасампаздық үшін», «Қазақстан және Әлем», «Жерұйық», «Қазақстан: бірлік және келісім мекені» еңбектерінде халықтың көпэтносты құрамының қалыптасу тарихы мен қазіргі жай-күйі, қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірліктің қазақстандық моделінің құқықтық негіздері ашып көрсетілген. Соның ішінде, «Бірлігі жарасқан біздің үй», «Достық үйі. Шығыс Қазақстан» альбомдарында елімізде алғаш болып Шығыс Қазақстанда ашылғын Достық үйі туралы баяндалған. Ең көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері «Қазақстан халқы Ассамблеясы-ел тарихында» басылымында көп ұлтты әл-ауқаттың қазақстандық моделінің табысы туралы өз көзқарастарымен бөліседі. «Өнер мен Мәдениеттегі Қазақстан этностарының өкілдері: есімнамалар энциклопедиясы» жинағы оқырмандарды түрлі этностардың өкілдерімен, олардың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесімен таныстырады.
Бұдан әрі келушілер назарына келесі өлкетанулық басылымдар ұсынылады. Бұл А.Әубәкіровтің «Тау балалары» кітабында жарияланған Солтүстік Кавказдың Шығыс Қазақстанға жер аударылған тұрғындарының тізімдері, Н.Крутованың «Шығыс Қазақстан жеріндегі еврейлер» монографиясы, Л. .Бургарттың «Шығыс Қазақстандағы неміс қоныстарының тарихынан», Н.Петельская мен И.Резонтовтың «Шығыс Қазақстан поляктары: өткені мен қазіргісі», «Шығыс Қазақстандағы беларустар» және т.б. Экспозицияның келесі бөлімі Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрі жайлы сыр шертеді. «Музыкальное искусство народа Казахстана» кітабында Тәуелсіз Қазақстан аумағында тұратын көпұлтты диаспоралардың музыкалық өнерінің түрлі аспектілеріне арналған ғылыми очерктер бар.
Соңғы бөлім «Современная литература народа Казахстана», «Түрік поэзиясы», «Түркімен поэзиясы», «Литература народов Казахстана» еңбектерінде қазақ жерінде қоныс тепкен өзбек, тәжік, қырғыз, татар сынды түрлі ұлттардың ақын-жазушыларының көркем туындыларымен, өнер майталмандарының өлең-жырларымен аяқталады. Жыл сайынғы «Қазақстан-Ресей» әдеби-көркем альманахының кезекті шығарылымы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасасудың 25 жылдығына арналған.
«Дружба Народов», «Достық - Дружба» журналдарына қазақ жеріндегі әртүрлі ұлт өкілдерінің, әлемге әйгілі ақын-жазушылардың көркем туындылары, мақалалары енген.
Көрме – жемісті және жан-жақты ынтымақтастықтың көрнекті мысалы әрі нәтижесі, елдердің, мәдениеттер мен әдебиеттер арасындағы достастықтың жарқын дәлелі.
Құрметті оқырмандар, сіздерді көрмемен танысуға шақырамыз! Бізбен бірге болыңыздар!