31 тамыз күні, А.С. Пушкин атындағы кітапханада «Кемеңгер би-Кетбұқа» атты жыр-мүшайрасының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды.
«Кемеңгер би-Кетбұқа» мүшәйрасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Кетбұқа-Төлегетай» халықаралық қоғамдық қоры, ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі және Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы жариялаған болатын.
Мүшәйраның шарты
- Ақындардың жасына шектеу қойылмайды.
- Тәуелсіздік және оның ел тарихындағы орны мен мұраттары туралы 1 өлең,
- Кетбұқа абызға арналған 1 өлең, жалпы 2 өлең.
- Жолданған өлеңдер бұрын еш жерде жарияланбаған болуы шарт.
Мақсаты:
- Ел Тәуелсіздігін ұлықтау;
- Дала абызы Кетбұқа бидің даңқын әйгілеу, жастарға үлгі ету,
- Жас дарындардың өзара танысып, тәжірибе алмасуына қолдау көрсету;
- Жас шығармашылық иелеріне қолдау көрсету, насихаттау;
Бас жүлде: Бақытжан Райсова (Өскемен қаласы)
1-орын Дәулетберді Жекей (Өскемен қаласы)
2-орын Оразай Жеңіс (Өскемен қаласы)
3-орын Қызырбек Дүргінбай (Өскемен қаласы), Көгедай Шәмерхан (Күршім ауд)
Ынталандыру сыйлығымен
Әсемгүл Серікбол (Глубокое ауд), Ерік Омарағалиев (Семей қаласы),
Роллан Кеңесхан (Тарбағатай ауд) марапатталады.
Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтап, ақындарымызға шығармашылық табыс тілейміз!
Байланысшы: Ашкенова Жансая
Байланыс тел.: 26-13-33