«Медиация – татулық бастауы»
5 тамыз күні сағат 15.00-де А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстандағы медиация күніне орай Өскемен қалалық сотының судьясы Кеңесбекова Ажар Амбияқызымен және Дегенбаев Қазбек Аркадьевичпен «Медиация – татулық бастауы» тақырыбында кездесу өтті. (Кітапхананың фейсбук парақшасында)
«Медиация» термині латынның «mediare», делдалдық ету деген сөзінен шыққан, яғни, медиатордың көмегімен тараптар арасындағы дауларды шешу. Шетелде, әсіресе, Америка мен Еуропа елдерінде бұл тәжірибе бұрыннан жолға қойылған. Сондықтанда, шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, 2011 жылы елімізде "Медиация" туралы заң қабылданды. Бұл өз кезегінде сот жүйесіне жаңашыл өзгеріс енгізіп, дауларды шешудің тиімді жолын айқындады. Осы мақсатта елімізде медиацияны дамыту орталығы құрылды.
Соттың міндеті – кінәліні тауып, жазалау болса, бітімгердің міндеті – татуластыру. Бұрын заң бұзғандар беделді ақсақалдардың шешімімен өз жазасын алып, екі жақ келісімге келіп отырған. Яғни бітімгершілік - қазаққа жат ұғым емес.
Медиация азаматтық, еңбекке қатысты, отбасылық және басқадай құқықтық қатынастарға байланысты, сондай-ақ ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған дауларда қолданыла алады.
Аталмыш шараға қатысушы қонақтар жалпы өңірде мадиация саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, көрермендер сұрағына жауап берді.