«Абай – адамзаттың рухани ұстазы»

«Абай – адамзаттың рухани ұстазы»

10 тамыз 2021 жылы, сағ. 15.00-де философия ғылымының кандидаты, белгілі абайтанушы Асан Қайырбекұлы Омаровпен Абай Құнанбайұлының туған күніне орай «Абай – адамзаттың рухани ұстазы» тақырыбында ZOOM - платформасында онлайн кездесу өтеді.
Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды деуге болады. Кезінде Мұхтар Әуезов «Абайтану» ғылымының негізін салып, оны бір жүйеге қойып кетті. Ал жерлес абайтанушылардың ішінде Асан Омаров - абайтануға адал қызмет етіп келе жатқан бірегей ғалымдардыі бірі. Абайтанушы ғалымның айтуынша, Абайды тұлға ретінде тану, шығармаларының хронологиясын реттеу, қарасөздерін қалпына келтіру маңызды. Басты мәселе – Абайдың әр сөзіне қарапайым тілмен түсінік беру. Осы орайда ширек ғасыр Абай ілімін зерттеп жүрген Асан Омаров ұлы ақыннын өмірбаяны, өскен ортасы шыққан тегі, Абай шығармашылығының ең жемісі мол, өнімді жылдарында қандай шығармалары жазылғаны жайында және ақынның үй университеті жайында кеңінен сөз қозғайды. Тікелей эфир барысында абайтанушы ғалымға тікелей сұрақ қойып, өз пікірлеріңізбен бөлісуге болады.