Жастықтың оты жалындап: тікелей эфир

Жастықтың оты жалындап: тікелей эфир

Абай атындағы кітапхана 27 шілде күні Instagram әлеуметтік желісінде «Жастықтың оты жалындап» жобасы аясында жас ақын, халықаралық «Шабыт»  фестивалінің лауреаты Сегізбаева Айдана Мұратханқызымен  тікелей эфир өткізді.

Жырларында мәңгілік махаббат, адалдық және өмірлік ұғымдар туралы ой қозғаған кеш қонағы әуел баста өзіне ақындық қасиет қайдан дарығанын айтып өтті. Жас ақын өзі туралы ғана емес, шығармашылық шабыттың көптеген қызықты тұстарымен, өзінің алғашқы өлеңдерінің жазылу тарихымен де бөлісті. Алдағы уақытта шығармашылығын насихаттау жұмыстарын жүзеге асыру жоспарын да айта кетті. Көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, ақын жан шымырлатар жырларын оқып, оқырмандардың ризашылығына бөленді. 

Желідегі жүздесуімізді тамашалаған көрермен ақ тілектерін жаудыртты. Осы ретте біз де жас ақынның сапарына сәттілік тілеп,  қаламынан мөлдір лирика төгілеріне сенім артып, эфирімізді аяқтадық.