«Отбасыммен бірге оқимын» 

«Отбасыммен бірге оқимын» 

«2021 жылғы 1 маусым мен 10 қыркүйек аралығында А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасы Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылына арналған  бағдарламалар аясында «Отбасыммен бірге оқимын»  отбасылық оқу онлайн сайысын ұйымдастырады.

Байқаудың  мақсаты – отбасылық оқу дәстүрін дамыту арқылы мәдени бос уақытты ұйымдастыру, балалардың ой-өрісін кеңейту, кітап пен кітапхананың қоғамдағы рөлін арттыру.

Байқаудың  міндеті – балалардың кітап оқуына жетекшілік етуде ата-аналарға көмек беру, кітапты көп оқитын белсенді әрі шығармашыл отбасыларды анықтау және марапаттау.

Конкурсқа Шығыс Қазақстан облысы аумағында тұратын барлық отбасылар қатыса алады.

Байқауға жұмыстар аралығында pushkinlibrary@yandex.kz электронды мекенжайына бейне форматта қабылданады.

Байқау қорытындысы туралы ақпарат www.pushkinlibrary.kz сайтында  және @ pushkinlibrary.kz әлеуметтік желілерінде жарияланады.