Қорық табиғаты фотосуреттерде

Қорық табиғаты фотосуреттерде

2021 жыл 21 шілде сағат 15.00-де А. С Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жиырма жылдық галереясы» фотокөрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Шараға экология және табиғатты пайдалану саласындағы өңірлік билік органдарының басшылары, табиғатты қорғау секторының жетекшілері мен өкілдері қатысады.

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2001 жылы құрылған. Бұл Қазақстандағы ең ірі ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Саябақ территориясы ЮНЕСКО-ның биосфералық резерватының Ғаламдық тізіміне енгізілген. Мұнда Көккөл сарқырамасы, Рахман Қайнарының терма бастаукөздері, Берел қорғандары, Ұлы Жібек жолының Солтүстік тармағы (Алтын тармақ) және 643,477 гектар жерді алып жатқан әсем аумақта орналасқан басқа да көптеген көрнекті орындар бар. Саябақ аумағында құстардың 300-ден астам, өсімдіктердің мың және жануарлар, рептилиялар, амфибиялар мен балықтардың жүзге жуық түрі бар.

Ұйымдастырушылардың мақсаты – әрбір фотосуретшінің өзінше тамашалаған Катонқарағай табиғи паркінің сиқырлы сұлулығын, тұмса табиғаты мен таңғажайып келбетін көрермендерге көрсету. Фотосуреттерде – алып қырлар мен қарлы шыңдар, мөлдір көлдер мен құбылмалы сарқырамалар, бай әрі қайталанбас флора мен фауна, таңғажайып көркем көріністер, жарқын және түрлі ракурстар …  

Фотожұмыстардың керемет галереясын Шығыс Қазақстан облыстық А. С. Пушкин атындағы кітапхананың өлкетану топтамасының кітап көрмесі толықтыра түседі. Ұсынылған басылымдар тарихы бай, табиғаты таңғажайып, сан қырлы да алуан түрлі Шығыс Қазақстанды жақсы танып, түсінуге көмектеседі.

Фотокөрме А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада бір ай бойы жұмыс істейтін болады. Келіңіз, танысыңыз, көзбен көріп, сөзбен жеткізе алмайтын, табиғатына көз тоймайтын өлкемізді фотожұмыстардан тамашалап, әсем көріністен нәр алыңыз!

 

Анықтама тел.: 261-333 (ішкі 119)