Облыстық поэзия фестивалі: А.С. Пушкин атындағы кітапханадағы кездесу

Облыстық поэзия фестивалі:  А.С. Пушкин атындағы кітапханадағы кездесу

2021 жылдың 14 шілдесі күні, сағат 11.00-де Шығыс өңіріндегі «Төр Алтай жырлайды» атты поэзия фестивалі аясында А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада елімізге танымал ақындармен кездесу өтті.

Шырайлы Шығыс өлкесінде аталмыш фестиваль Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы және Қазақстан Жазушылар одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен алғаш рет өтіп отыр. отыр.

Жыр фестивалінің қонақтары, есімдері елге танымал жерлес қаламгерлер: ақын,  Қазақстан Жазушылар Одағының басқармасы төрағасы, Халықаралық Алаш және Мемлекеттік сыйлықтардың иегері Ұлықбек Есдәулет; ақын филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар Одағы басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып; Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Т. Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты, Президент стипендиясының иегері, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Жазушылар Одағының мүшесі Тыныштықбек Әбдікәкімұлы және айтыскер ақын, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы; журналист, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Мұратбек Оспанов; ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Төлеген Жангалиев; ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бақытжан  Раисова,  ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Төлеген Жангалиев; «Фолиант» баспасының директоры (Нұр Сұлтан қ.) Исабеков Нұрлан

Оқырмандар, шығармашыл жастар, әдебиет сүйер қауым аталған ақын-жазушылармен кітапхана шаңырағында жүздесіп, емен-жарқын сұхбат құрып,  танымал тұлғалардың сыршыл әлемімен қауышты.

Шығысымыздың шырайы мен шұрайын келтіріп тұрған Өскемен шаһарына Арқа төрінен, Алатау баурайынан, шежірелі Семей өңірінен есімі алашқа танымал қазақ әдебиеті тарландарының келуі – өлкеміздің шығармашыл қауымы үшін үлкен қолдау.

Өр Алтайға тартып өскен ер мінезді жұрттың мейірін қандырып, рухани байытар, өлеңге сусындатар тамаша кездесуден құр қалмаңыз, ағайын!