Жастықтың оты жалындап: тікелей эфир

Жастықтың оты жалындап: тікелей эфир

Ағымдағы жылдың шілде айының 13-ші жұлдызында ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасының инстаграм желісінің тікелей эфирінде «Жастықтың оты жалындап» жобасы аясында жас ақын, театртанушы Бақталант Ұлыхпанұлымен сұқбат өтті.

         Алтай аймағынан атажұртын аңсап келген жас өнерпаздың қанатын қатайтып, буынын бекіткен Көкшетау өңірі, Ерейментау жері екенін қонағымыздың өзі жайлы айтқан ақпаратынан аңғардық. 

         Сал-серілердің жеріне келіп Арқаның әнін шырқап арқаны кеңге салып, жыр жазып, өнердегі ағалардың соңынан ердім дейді қонағымыз.

         Алайда, қазіргі таңда өлең өлкесінен алыстап, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Шабыт» өнер ордасының «Театртану» мамандығын аяқтап, қолына диплом алып, жанына жақын сала тапқанын жеткізді.

         Қазіргі жастардың кітапқа, білімге деген қызығушылығы төңірегінде ой қозғап, жалпы әдебиет саласы болсын, мәдениет саласы болсын, театрда, өлеңде қайсы бірі болмасын өскелең ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосу керек деген ниетін білдірді.

         Ақындығымен аты шығып бәйге алып жүрмесе де,  әншілігімен танымалдыққа ие болмасада, қонағымыз біздің оқырмандарымыздың патша көңілі үшін өлең оқып, әннен қонақ кәде ұсынды.

Араға жыл салып қайта жаңғырған осынау жоба оқырмандарымыздың қызығушылығын оятса, желідегі байланысқа шыққан қонағымыз қарапайымдылығымен көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.