Туған күніңмен, Елорда!

Туған күніңмен, Елорда!

6 шілде, бізді сүйікті астанамыз Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай  А. С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы қала азаматтары үшін жазғы алаңда мерекелік шаралар ұйымдастырып, әлеуметтік желілерде онлайн бағдарламалар өткізеді. Астанамыз  жай ғана жарқын заманауи мегаполис емес. Қазақстанның жас астанасының бейнесінде терең саяси, рухани және тіпті философиялық мағына бар.

Мереке қарсаңында Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter парақшаларындағы жазылушылар үшін (1-6 шілде аралығында) Астана күніне орай ақпараттық және ұсынымдық жарияланымдар орналастырылып, Қазақстанның тарихи фактілері мен қазіргі заманғы болмысын білуге арналған виртуалды конкурстар мен викториналар өткізіледі.

Мереке қарсаңында кітапханада «Келешегі кемел, Нұр-Сұлтан!» атты кітап экспозициясы ұйымдастырылды. Көрме материалдары Нұр-сұлтанның қалыптасуы мен даму тарихы, оның аз уақыт ішінде қалай өзгергенін мәлімдейді. Ұсынылған фотоальбомдар қаланың тыныс-тіршілігін, бүгінгі Астананың қуатты энергетикасымен, қаланың көрікті жерлерімен және архитектуралық ізденістерімен таныстырады.

5 шілде сағат 15.00-де Facebook онлайн парақшасында Астана (Нұр-Сұлтан) туралы көптеген кітаптардың авторы, белгілі жерлесіміз, жазушы Сәдібек Түгелмен тікелей эфир өтеді. Сәдібек Түгел Астана қаласының құрылысы енді қолға алынып, дами бастаған кезде сона қоныс аударған. Ол астаналық баспасөздің сонау бастауында, қаланың қалыптасу тарихы сәттерінің эпицентрінде болды. Міне, сондықтан да кездесу қонағының көрермендер үшін айтары бар. 

Жаңа Қазақстанның көркем астанасы жыл сайын өркендеп келеді. Біз Нұр-Сұлтан қаласын туған күнімен құттықтай отырып, баршаңызды мерекелік бағдарламаға қатысуға шақырамыз!