Семей ядролық полигонының жабылғанына – 30 жыл: библиографиялық көрсеткіштің таныстырылымы

Семей ядролық полигонының жабылғанына – 30 жыл: библиографиялық көрсеткіштің таныстырылымы

2021 жылдың маусым айының 24-ші жұлдызы күні ШҚО Абай атындағы әмбебап  кітапханасының ZOOM платформасында әр бейсенбі  күні  «Әдістемелік бейсенбі»  аясында өткізілетін тікелей эфирінде «Семей ядролық полигонының жабылғанына – 30 жыл» атты библиографиялық көрсеткіштің таныстырылымы өтті.

Шара барысында аудан кітапханашыларына аталмыш көрсеткіштің  мақсаты,  маңыздылығы, құрылымы айтыла келе, оның Абай атындағы кітапхана қорында 1989-2020 жылдар кезеңінде жарық көрген кітаптар мен мерізімді басылымдар беттерінде жарияланған мақалалар, анықтама-библиографиялық ақпараты мен мәліметтер қорының негізінде  жасалғандығы кеңінен баяндалды.

Библиографиялық қөрсеткішті практикалық жұмыста оқырмандарға ақпараттық қызмет көрсеткенде, кітап көрмелерін безендіргенде, бұқаралық іс-шараларды дайындағанда, тақырыптық анықтама жасағанда қолдануға болатындығы жөнінде кеңес берілді.

«Семей ядролық полигонының жабылғанына – 30 жыл» библиографиялық көрсеткіші баспа түрінде әлі жарық көрмегенімен, электронды нұсқасы бұдан әрі қарай да толықтырылады.  Көрсеткіштің электронды нұсқасы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасының сайтына орналастырылады.

Сонымен қатар «Ядролық қарусыз – бейбітшілік әлемге» атты виртуалды кітап көрмесіне саяхат жасалды. Басты назар жаңадан енгізілген жаңа басылымдарға аударылып, «Ядролық полигон құрбандарына арналады» бөлімдегі «Полигон өнер саласында» және «Полигон туралы поэзия» атты бөлімшелеріне ерекше тоқталып, кеңінен түсіндірілді.

Әлеуметтік желілер үшін афишалар кұру, яғни CRELLO бағдарламасы бойынша дайын мәтінді шаблондармен әсемдеу, әрлеу жөнінде практикалық кеңестер көрсетіліп, тыңдаушылар сұрақтарына жауап берілді.