Шығыс Қазақстанның киелі жерлері: тікелей эфир

Шығыс Қазақстанның киелі жерлері: тікелей эфир

11 маусым күні ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасы «Шығыс өңірінің киелі жерлері» тақырыбында «Инстаграм» парақшасы арқылы Семейдің облыстық өлкетану мұражайының қызметкері Мирас Құсаиновпен тікелей эфир өткізді. Қазақ даласының қасиетті жерлері туралы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің «Рухани жаңғыру» бағдарлама-мақаласында баса айтып өткен болатын.  Сұхбат барысында Мирас Самалбекұлы өңіріміздегі «Қоңыр әулие», «Ырғызбай Досқанаұлы кесенесі», «Жидебай кешені», «Алакөл», «Марқакөл», «Берел», «Шілікті қорымы», т.б қасиетті жерлердің тарихын, сол жер туралы аңыз-апсаналарды айтып, әңгімесін ескі әңгімелерімен тұздықтап отырды. Бүгін ұрпағы кие тұтатын бабалардың ерлігі, ел үшін істеген келелі істерін тілге тиек етіп, ақындардың жыр-дастандарынан мысалдар келтірді. Бір сағаттың айналасында өрбіген сұхбат көрермендердің көңілінен шықты.