Алаш меценаттары: ұстанымы, қызметі, трагедиясы: бейнедәріс           

Алаш меценаттары: ұстанымы, қызметі, трагедиясы: бейнедәріс             

2021 жылдың 10 маусым күні ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасының ZOOM платформасында әр сәрсенбі күні «Алаш» жобасы аясында өткізілетін тікелей эфирін Семей қаласының  Шәкәрім атындағы университеттің  аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Еркін Рахметуллинмен «Алаш меценаттары: ұстанымы, қызметі, трагедиясы» тақырыбында тікелей эфирде бейнедәріс өтті.

         Шара барысында Алашорда тарихына қатысты Семей өңiрiнiң бiрқатар дәулетті адамдарының қазақ қоғамына тигізген әсері жайлы әңгіме өрбіді.

Осы орайда қазақ байлары Қаражан Үкiбаев, Ике Әділов, Хасен Ақбаев,  Есенқұл және Тұрысбек Мамановтар, Ахмет Оразаевтардың алаш еліне жасаған жақсылықтары туралы тың ақпаратар берілді.

         Қаражан Үкібаев ХХ ғасыр басында Қоянды жәрмеңкесінде сауда-саттық жасап, Семейде М. Әуезовке «Абай» журналын шығаруға қаржы бөліп, сол басылымның таралуына үлкен көмек көрсеткен.

XX ғасыр басындағы біраз қазақ байларының өнер-білімді қолдап, жаңалыққа жаршы болғанындығына тоқталды.  

Ике  Әділов бұрын болыс және би болған. Колчак үкіметі тұсында басқарушы және облыстық Қазақ Атқару комитетінің мүшесі болғандығы, Алаш қозғалысына белсене атсалысып, облыстық, уездік қазақ съездеріне қатысты. Семейде құрылған алаш әскеріне, Алашорда қажетіне қаржылай жәрдем көрсетті. Кеңес өкіметі тұсында жүргізілген әр түрлі саяси-экономикалық шараларға қарсылық көрсетіп, қарулы көтеріліс ұйымдастырған ел басшыларының бірі болғандығын тілге тиек етті. Қарқаралы өңіріндегі атағы жер жарған Хасен Ақбаев қоғам қайраткері, кәсіпкер, ағартушы, Алаш қозғалысының өкілі. Х.Ақбаевтың еліне сіңірген еңбегі зор екендігіне тоқталып, тұлға туралы  ғылыми және тарихи-танымдық зерттеулер жоқтың қасы екендігін атап айтты.
Есенқұл Маман әулетінен шыққан  Жетісудың тумасы сол заманда мектеп ашып, стипендия тағайындаған.

Ахметжан Оразаев Сыр бойынан шыққан тұлға. 1913 жылы қазақ газеттерін шығаруға көмек көрсеткен. Қазақ баспасөзінің, «Қазақ газеті», «Абай» «Сарыарқа» газеттерін  дамытуда еңбектері зор болды.

Дәрісте тыңдаушылар сауалдарына ұтымды жауаптар беріліп, келешекте осы алаш меценаттары туралы зерттеулердің жалғасатыны айтылды.