«Алаш» электронды кітапханасы: әдістемелік бейсенбі

 «Алаш» электронды кітапханасы: әдістемелік бейсенбі

Кітапханашыларға арналған кезекті әдістемелік бейсенбі «Алаш» электронды кітапханасы туралы толық ақпарат беруге арналды. 10 мусым күні  Шығыс Қазақстан облысының Абай атындағы әмбебап кітапханасының мамандары 2017 жылы Алаш автономисының құрылғанына және Алашорда ұлттық үкіметінің негізі қаланғанына 100 жыл толуына орай құрастырылған «Алаш» электронды кітапханасының айдарлары бойынша экскурсия өткізді. «Тарих», «Құжаттар» айдарларына, тақауда ашылған «Отбасы», «Бейне дәрістер» айдарларына қатысушылардың назарын ерекше аударды. "Отбасы" айдарындағы Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытов, Отыншы Әлжанов және т.б алашордашылардың әйелдері мен ұрпақтарына қатысты ақпараттар мен фотосуреттер  тындаушылардын үлкен қызығушылығына ие болды. Аталмыш шараны алаш арыстарының қоғамдық-саяси қызметі, олардың «Алаш» қозғалысының мақсаттарына жетудегі рөлі туралы «Ғаламторда» бөлімінде орналастырылған «Алаш» бейнеролигінің  көрсетілімі толықтыра түсті.

Әдістемелік бейсенбінің қатысушылары «Алаш» электронды кітапханасының материалдары негізінде құралған викторина ойынына ат салыса қатысып, сұрақтарға  дұрыс жауаптарын беріп шараны жандандыра түсті. Сондай-ақ әдістемелік-ақпараттық мақсатта «Тарих» айдары бойынша құрастырылған «Тарих ізімен» тарихи-интеллектуалды  квест әзірленіп тындаушылардың назарына ұсынылды.

Кітапхана қызметкерлері сонымен қатар кітапханадағы электронды және дәстүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін өздерінің зияткерлік ойындарын құруға болатын платформалар туралы ақпарат алды.