6 маусым күні Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы әлем әдебиетінің классикасына айналған ұлы ақын, жазушы, өшпес туындылардың авторы - Александр Сергеевич Пушкиннің туған күніне арналған мереке ұйымдастырды.
Таңнан бастап кітапхана алдындағы алаңда «Ақын мұрасы мәңгілік!» атты интерактивті әдеби экспозиция жұмыс істеді. Мұнда Пушкиннің музыкалық ырғағымен (вальс, полонез, мазурка) ақынның әдеби шедеврлері, танымал пушкинтанушылардың зерттеулері орын алды. Оқырмандарымыздың орындауында Пушкиннің өлеңдері әлем халықтарының әртүрлі тілдерінде оқылып, өткен, бірақ ұмытылмас уақыттың көңіл-күйі мен атмосферасын тудырды. Қонақтар естелік кітапқа ақынды туған күнімен құттықтап жазып, кішкентай кәдесый түрінде- поэтикалық комплименттерге ие болды.
Пушкин ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінде біз барлық оқырмандар мен Александр Сергеевичтің жарқын талантына табынушылар келді. А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы атынан ақын ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, кітапхана директоры Шагиева Бибигуль Жамбылқызы, сөз сөйлеп, оқырмандарды ақынның туған күнімен құттықтады.
Бұл күні дәстүрге сай ескерткішке Ресей Федерациясының Өскемендегі Бас консулдығынан гүл шоқтары қойылды. Ресей Федерациясы Бас Консулдығының атташесі Святослав Игоревич Дегтярев салтанатты рәсімнен кейін барлығын ақынның туған күнімен құттықтады.
Облыстық этнографиялық мұражайдың көшпелі көрмесі XIX ғасырды, Александр Сергеевич Пушкиннің жасөспірім және жастық шағы кезеңінде қоршаған атмосфераны ұсынады. Көрмеге революцияға дейінгі жинақ қорларындағы кітаптардың басылымдары, шағын пластикадан (бюсттер мен барельефтер), Пушкин дәуіріне сәйкес келетін тұрмыстық заттар, 18-20 ғасырлардағы қолжазбалар қойылады.
Халық әртістері ағайынды Аблуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің студенттері Алина Лапина мен Елнұр Нұрқанов Евгений Онегин мен Татьяна Ларина образдарында "Пушкинді әлем халықтарының тілдерінде оқимыз" атты еркін мерекелік микрофонды ашты.
Сонымен бірге, бұл күні кітапхана алдындағы алаңда жиналған үлкенді-кішілі көпшілік үшін әр түрлі ойындар, конкурстар мен викториналар, каллиграфия бойынша мастер-класс өткізіліп, "Пушкин мен оның кейіпкерлері"атты балалар суреттерінің "сушка" көрмесі өтті.
Байланыс тел.: 26-13-33