6 маусым күні Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы әлем әдебиетінің классикасына айналған ұлы ақын, жазушы, өшпес туындылардың авторы - Александр Сергеевич Пушкиннің туған күніне арналған мерекеге шақырады.
Таңнан бастап кітапхана алдындағы алаңда "Мен сізге жазамын" атты интерактивті әдеби экспозиция ашылады. Мұнда сіз Пушкиннің музыкалық ырғағымен (вальс, полонез, мазурка) ақынның әдеби шедеврлері, танымал пушкинтанушылардың зерттеулерімен танысасыз, А.С. Пушкинге құттықтау қалдырып, поэтикалық комплимент ала аласыз.
11.00-де Пушкин ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінде біз барлық оқырмандар мен Александр Сергеевичтің жарқын талантына табынушылармен жүздесуге қуаныштымыз. Салтанатты бөлімнен кейін барлық тілек білдірушілер үшін "Пушкинді әлем халықтарының тілдерінде оқимыз" атты поэтикалық еркін микрофон өз жұмысын бастайды. Ақынның сүйікті лирикалық шығармалары немесе Александр Сергеевичке арнау өлеңдеріңізді оқуға келіңіздер.
Облыстық этнографиялық мұражайдың көшпелі көрмесі XIX ғасырды, Александр Сергеевич Пушкиннің жасөспірім және жастық шағы кезеңінде қоршаған атмосфераны ұсынады. Көрмеге революцияға дейінгі жинақ қорларындағы кітаптардың басылымдары, шағын пластикадан (бюсттер мен барельефтер), Пушкин дәуіріне сәйкес келетін тұрмыстық заттар, 18-20 ғасырлардағы қолжазбалар қойылады.
Облыстық драма театрының әртістері Пушкин шығармаларындағы кейіпкерлер бейнесінде мерекеге ерекше рең береді. Сондай-ақ, естелік фотосуретке түскіңіз келе ме? Онда Онегинмен селфи жасаңыз немесе Пушкин фотозонасына суретке түсіңіз!
Сонымен бірге, бұл күні кітапхана алдындағы алаңда жиналған үлкенді-кішілі көпшілік үшін әр түрлі ойындар, конкурстар мен викториналар өткізіледі; каллиграфия бойынша мастер-класс және "Пушкин мен оның кейіпкерлері"атты балалар суреттерінің "сушка" көрмесі өтеді.
Интернет-кеңістік пайдаланушыларын кітапхана сайтындағы http://pushkinlibrary.kz. "Абай және Пушкин" көрмесіне шақырамыз. Көрме екі данышпан жазушының шығармашылық және рухани үндестігін ашып, А. С. Пушкинді Абай құрметтегендей тануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, виртуалды келушілерді А.С. Пушкиннің шығармаларында кездесетін көне сөздердің (архаизмдер мен тарихизмдер) мағынасын білуге арналған "Слово за слово" онлайн викторинасы күтеді.
Пушкинмен бір күн қызықты өтетіні сөзсіз. Бүкіл отбасыңыз және достарыңызбен келіңіз! Александр Сергеевич Пушкинді бірге оқып, тағы да жақынырақ танысайық!